Корзина
43 отзыва
Остались вопросы, напишите нам и мы свяжемся Контакты
+77272442204
+77012442203
+77012442203
сотовый c What's App
+77010706525
сотовый c What's App
+77010356363
webkassa@webkassa.info
Инновационный центр онлайн бизнес коммуникаций и повышения профессиональной компетентности 21 века

Minipos-тан Maxi пайда!

Minipos-тан  Maxi пайда!
Minipos-тан Maxi пайда! КазкоммерцNews кәсіпкерлерді экономикалық жағынан қолдауға арналған төлем картасын қабылдайтын ыңғайлы құрал – мобильді Minipos POS-терминал туралы осыған дейін бірнеше рет жазған болатын.

28.08.15

Minipos-тың бәсекеге басымдығы – бағасында (небәрі 9900 теңге). Бұл – кәдімгі POS-терминалмен салыстырғанда анағұрлым арзанға түседі. Әрі шағын бизнес иесі үшін таптырмайтын құрал.

 

Мобильді терминалды сатып алу үшін қайда хабарласуға болады?

Ол үшін сіз Казкомның Minipos сату Орталығына – авторластырылған жеткізіп беруші ― IdDrive компаниясының орталығына хабарласыңыз.

2014 жылдың маусымынан бастап IdDrive орталығы коммерсанттарға мобильді нүктелерді сату бойынша аутсорсингтік қызмет етуде және Казкоммерцбанктің шағын, орта және ірі бизнес субъектілеріне эквайрингтік қызмет көрсетуді ұсынып келеді.

2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың қаңтарына дейін IdDrive орталығы компаниясы Minipos-тың бағдарламалық қамтамасыз етуін жаппай жаңартты және коммерсанттарды мобильді пос-терминалдарды қолдану жөнінде, сондай-ақ магнитті және чипті mPOS-тарды әмбебап түріне  ауыстыру ісі бойынша оқыту жұмысын ұйымдастырды.

 

Бір жылда қандай іс-шара атқарылды?

·      Казком  эквайрингтік жүйесіне 774 коммерсант тартылды.

·      170 жаңа нүкте іске қосылды.

IdDrive орталығы off және online режимінде жұмыс істейтін «бір терезе» қағидасын толықтай жүзеге асырды. Бұл тәртіп бойынша клиенттер өте төмен нарықтық бағамен Minipos немесе Minipos +  жаңа смартфон Samsung Galaxy J1 сатып алуға мүмкіндік алады, сонымен қатар жедел түрде банктік қызмет көрсету келісімшартын рәсімдей алады.

 

Мобильді төлем терминалы қалай жұмыс істейді?

 

Minipos мобильді пос-терминалымен қауіпсіз қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу бойынша жоғары технологиялы өнімді goSwiff компаниясы шығарады.

 

Кейбір коммерсанттар минипос дербес немесе кез келген телефонмен бірлесіп, оның ішінде үй телефонымен де жұмыс істей береді деп ойлайды. Шын мәнінде, мобильді төлем терминалына мобильді телефон, мобильді қосымша және интернет керек.

 

Сондықтан мобильді терминалдың үздіксіз жұмыс істеуі үшін соңғы үлгідегі смартфондар мен планшеттер қажет. Бизнес үшін ең тиімдісі жаңа өнім Samsung Galaxy J1 смартфоны. Аталған үлгі толық тестілеуден өткен, экраны үлкен, яғни клиенттердің электронды қолтаңбасы үшін аса ыңғайлы. Бір ғана SIM-картаны қолдану дұрыс деп табылады.

 

Күннің күркіреуін күтіп отырмаңыз!

Сауда желілерінде банктік карталарды қабылдау құрылғыларын міндетті түрде орнату және қызмет көрсетуді жүзеге асыру 2013 жылғы 1 қаңтардан жоспарланған болатын. Алайда бұл мерзім бірнеше рет кейінге шегерілді. Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаевтың айтуынша («Төлемдер және ақша аударымдары туралы» қолданыстағы заң редакциясына сілтеме жасай отырып) POS- терминалдарын орнату бойынша дедлайндер мыналар:

- 2015 жылғы 1 қаңтар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін;

-2016 жылғы 1 қаңтар жеңілдетілген декларациялар мен патенттер негізінде арнайы салық режимі қолданылатын бизнесмендер үшін (негізінен бұлар шағын сауда кәсіпорындары мен базар сатушыларына).

Қазкоммерцбанк мамандарының болжамды есебіне қарағанда Қазақстан бойынша

Келесі жылдан бастап жеңілдетілген салық салу үлгісі бойынша жұмыс жасайтын 0,5 млн кәсіпкер заңға сәйкес төлем терминалдарын орнатуға міндетті.   

 

Үкіметтің № 1147 қаулысына сәйкес POS-терминалдар дүкендерде, ТҚКС-да, қонақ үйлер, мейрамханалар, жол билеттерін сату кассалары, қоймалар, туроператорлар,  сақтандырушылар, ауруханалар мен білім беру мекемелері, кинотеатрлар, спорт клубтары, дискотекалар, казинолар, кегельбан мен бильярд ойнау орындарында тұрулары қажет.

Мұнымен қоса POS-терминалдарды міндетті орнатудан өз шаруашылығындағы ауыл шаруашылық тауарлары мен балық өнімдерін сатушылар, сонымен қатар базар аумағында тұрған жылжымалы сөрелердің, автосөрелердің, палаткалардың, киоскілер мен контейнерлердің сатушылары босатылды.

 

Ескерте кетсек, POS терминалдары болмаған жағдайда қомақты айыппұл көзделген:

 

ЖК үшін ― 40 АЕК (немесе 79 280 теңге),

Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 60 АЕК (немесе 118 920 теңге),

Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін ― 80 АЕК (немесе 158 560 теңге).

Предыдущие статьи